- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 1,5 мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар мен ішкі көшелер жөнделеді
ОҚО-да 1,5 мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар мен ішкі көшелер жөнделеді
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында ұйымдастырылған жиында басқарма басшысы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2016 жылдың қорытындысымен 3 816,2 шқ. немесе 64% құрағанын айтып, осы көрсеткішті жақсарту мақсатында алдағы 2017-2018 жылдары 1 мың шақырымнан астам (1042,3 шқ.) тек облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары басталатынын айтты.
Атап айтқанда, өңірдегі барлық аудан, қалалардағы облыстық маңызы бар жолдар жөнделеді. Соның ішінде, басымдылық көрсеткіші төмен Мақтаарал, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласында құрылыс-жөндеу жұмыстарының негізгісі жүргізіліп, облысымыздың автомобиль жолдары саласындағы индикаторды жоғары деңгейге жеткізуге үлкен мүмкіндік беретін болады.
«Мәселен, Бәйдібек ауданында 251 шақырымды құрайтын жолдарға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда аудан үшін жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сол сияқты, Қазығұрт ауданында 158,6 шқ., Мақтааралда 119,7 шқ., Түркістанда 112,7 шқ., Сайрамда 97,8., Түлкібаста 68,7 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары басталады. Мұндай жұмыстар өңіріміздегі өзге де аудан, қалаларда жүреді», - деді Нұрлан Мархабатұлы.
Мұнан бөлек, тілшілермен болған кездесуде спикер облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көпірлерге де тиісті назар аударылып жатқанына тоқталды. Айтуынша, өңіріміздегі 410 көпірдің 289-ы қанағаттанарлық жағдайда, 121-і жөндеуді қажет ететін жағдайда болса, биыл оның 16 көпірі жөнделіп, оған қоса 13 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар әзірленбек.
Жалпы, облысымыздағы жалпыға ортақ пайдаланымдағы облыстық және аудандық автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 962,1 шқ. құраса, оның жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 2017 жылы 64%-дан 64,4 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы 2021 жылға дейінгі меже – 71,2% дейін жеткізу жоспарлануда.
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 21 166,8 шқ. құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар 837 шқ., облыстық маңызы бар 4 330,3 шқ., аудандық маңызы бар жолдар 1 631,8 шқ., елді-мекен көшелері 11 556,7 шқ., Шымкент қаласы көшелері 2 810,9 шақырымды құрайды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер