- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасымен кездесті
Н. Нығматулин Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасымен кездесті
Н. Нығматулин әріптесін Конституция күнімен құттықтап, барша Беларусь халқына гүлдену мен игілік тіледі.
25 жыл ішіндегі қазақстандық-беларустық қарым-қатынас туралы сөз еткенде Мәжіліс Спикері қос мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың екіжақты байланысты нығайтудағы теңдессіз рөліне тоқталды.
Әңгіме барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа баса көңіл бөлінді. Осы ретте Н. Нығматулин экономиканың басым салаларындағы жобаларды жүзеге асырушы инвесторларға қазақстандық тараптың жан-жақты инвестициялық қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Тараптардың айтуынша қос мемлекеттің халықаралық және өңірлік саясаттағы көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары өте ұқсас.
Соңғы уақыттарда Минск қаласының халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер бойынша маңызды үнқатысу алаңына айналғанын атап өткен Н. Нығматулин біздің еліміздің БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігі аясында Қазақстан мен Беларусияның өзара іс-қимыл белсенділігінің арта түсетіндігіне сенім білдірді.
Палата Төрағасы әріптесін Қазақстанда болып жатқан саяси реформалардан хабардар ете келіп, осы сессия барысында Мәжілістің елдегі саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету жолында ауқымды шараларды қолға алатындығын айтты.
Осы орайда Мәжіліс Спикері екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы жұмысты бұрынғыдан да тереңдете түсу керектігін айтты.
«Парламентаралық үнқатысу біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіндігіне сенімдімін»,-деді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады