• Басты
  • Жаңалықтар
  • Фототаспа: 2013 жылы Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасы бойынша 215,7 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

Фототаспа: 2013 жылы Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасы бойынша 215,7 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

18 Желтоқсан, 2013 15:30
Ақтөбе облысында 2013 жылдың басынан бері Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпкерліктер тарапынан 215,7 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндіріліп, облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің 17,6% пайызын құрады, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Іске қосылған 67 нысаннның 100% жобалық қуатқа қол жеткізгені 42 кәсіпкерлік. Нысандардың жобалық қуатқа жетуі және олардың алдағы уақыттағы жұмыстары облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында», - делінген хабарламада.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан 76 инвестициялық жоба енген. Олардың жалпы құны 574,9 млрд теңгені құрайды және шамамен10 мың жұмыс орнын ашады.

2010-2013 жылдары облыста жалпы құны 303,3 млрд теңгенің 71 жобасы қолданысқа берілді. Ондағы ашылған жұмыс орындарының саны 5 мың.

Ал 2010 жылы 2,4 мың жұмыс орнын ашқан 108,5 млрд теңгенің 23 нысаны іске қосылса, 2011 году жылы 73,6 млрд теңгелік 26 нысан 2,2 мың жұмыс орнын ашқан. 2012 жылы бұл көрсеткіш 13 нысан болған. Ондағы жұмыс орны саны 451 болса, жұмсалған қаражат 4,5 млрд теңге.

2013 жылы құны 4 млрд теңгенің 5 нысаны қолданысқа берілді. Онда 214 жаңа жұмыс орны ашылды. Солардың арасында эмульсионды жарылғыш патрондалған және патрондалмаған заттар шығаратын «БВР» Орталығы» ЖШС; «Ақтөбе метал құрау зауыты» ЖШС, «Weiler» технологиялық фирмасы бойынша плита өндірісі «Стройдеталь» ЖШС және өзге де кәсіпкерліктер бар.

Жыл соңына дейін 112,7 млрд теңгенің 4 нысанын іске қосу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, олар «Ақтөбе Дриллинг Сервис» ЖШС, «Ақтөбе Жылыжай» ЖШС-нің 3 гектарлық кешені, «Агран» ЖШС электрүнемдегіш әйнектері өндірісі мен «Қазхром» АҚ.

Барлық жаңалықтар