• Басты
  • Сенат ҚАЖ жетілдіру жөніндегі заң жобасын өз түзетулерімен Мәжіліске қайтарды
16 Наурыз, 2017 17:21

Сенат ҚАЖ жетілдіру жөніндегі заң жобасын өз түзетулерімен Мәжіліске қайтарды

Сенаторлар заңнамаға қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қарады. Заң жобасы түзетулерімен Мәжіліске жіберілді.
Сенат ҚАЖ жетілдіру жөніндегі заң жобасын өз түзетулерімен Мәжіліске қайтарды

Сенатта хабарлағандай, заң жобасымен Қазақстан Республикасының 20 заңнамалық актісіне түзетулер енгізіледі. Олардың 5-і кодекс болып табылады: Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару және Азаматтық процестік кодекстері. Сондай-ақ, еліміздің 15 заңы, олардың ішінде «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», «Білім туралы» заңдар және басқалар бар.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске өзгерістер бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрін реттейтін ережелерді нақтылайды.

"Арнаулы қабылдау орындарының құрылысын қаржыландырудың графигін ескере отырып, Қылмыстық кодекстің «Қамаққа алу» деген 45-бабын қолданысқа енгізудің мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру көзделеді. Бұл баптың әскери қызметшілерге қатысты қолданылуы, сондай-ақ айыппұл, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазаларды қамаққа алумен ауыстыру жағдайларында қолданылуы бұған жатпайды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, сотталған адамның жүріс-тұрысын бағалау өлшем шарттары анықталды. Бағалау тәрбиелік-профилактикалық ықпал етудегі даралауды айқындау, көтермелеу мен жазалау шараларын шынайы қолдану үшін қажет.

Пробация қызметіне жазасын өтеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру және осындай сотталған адамға іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізу құқығы беріледі және басқа түзетулер енгізіледі.

Сонымен қатар, заң жобасын талқылау барысында заң жобасын еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізу қажеттігі туындады. Құжат регламентке сәйкес сенаторлардың жеті түзетуімен Мәжіліске жіберілді.
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды