- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың 13 учаскесінде мамырдың соңына дейін «Bus lane» жекеленген жолақтары енгізілмек
Астананың 13 учаскесінде мамырдың соңына дейін «Bus lane» жекеленген жолақтары енгізілмек
Астана тұрғындары үшін тасымалдаудың қолайлы, сенімді және қауіпсіз жағдайларын жасау қоғамдық көлікті дамытудағы негізгі бағыт болып табылады.
«2017 жылы Астана әкімдігі елорданың қоғамдық кешеніне оң әсер ететін және одан әрі даму үшін қажетті серпін беретін бірқатар ірі жобаларды іске асыруды көздеп отыр. Бүгінгі таңда «Bus Lane» қоғамдық көлік қозғалысы жолақтарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасуда, бұл жұмыс 2015 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Биыл мамырдың соңына дейін Астананың 13 учаскесінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, қоғамдық көлік қозғалысының екі есе артуы және көлік күтудің 5-7 минутқа қысқаруы күтілуде», - деп атап өтті Б. Игенбердинов.
«Bus Lane» жобасына қоғамдық көліктер ғана емес, сонымен қатар арнайы көліктер мен жедел жәрдем де кіреді. Осыған орай, денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша жедел жәрдемнің келуі жылдамдатылады.
Сондай-ақ, әкімдік сапалы жол нұсқағыштарымен қамтамасыз етуді де көздейді. Астанада биыл 150 жол нұсқағышы орнатылса, оның 70-і ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін орнатылмақ.
Кездесуде, сондай-ақ, өткізу қабілеті жоғары болып келетін көлік кешенін басқарудың жаңа моделі де талқыланды, ол жеке көліктің тартымдылығын төмендетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады, экологиялық жағдайды жақсартады.
Ақбота Күзекбай
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
COVID-19: Грузияда жаңа шектеу шаралары енгізілмек, Румынияда жұқтырғандар саны артуда -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары