- Басты
- Жаңалықтар
- Вьетнам Ұлттық жиналысының Төрайымы ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді
Вьетнам Ұлттық жиналысының Төрайымы ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, екіжақты ынтымақтастықтың даму келешектерін талқылау барысында Б. Жұмаханов саяси диалогтың маңызды құрамдас бөлігі парламентаралық қатынастар екендігін атап өтті. Бұл тұрғыда қазақстандық дипломат 2017 жылға жоспарланған Вьетнам Ұлттық жиналысының Төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханымның Қазақстанға сапары «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысумен ұштастырып өтетініне үміт білдірді.
Вьетнамдық депутат екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайту және жандандыру қажеттігін құптады және Вьетнам Парламенті Төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханымның Қазақстанға алдағы сапары екіжақты қарым-қатынастарға қажетті серпін беретініне үміт білдірді.
Айта кетейік, Ханойда Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының (бір палаталық Парламент) ғимаратында Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік Достық тобының Төрағасы, Вьетнам Ұлттық жиналысының Ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары д-р Ле Хонг Тиньмен кездесу барысында Вьетнам Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтындығы мәлім болды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам