- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қалаларында Қазпоштаның 102 жаңғыртылған бөлімшесі ашылды
Қазақстан қалаларында Қазпоштаның 102 жаңғыртылған бөлімшесі ашылды
ШҚО, ОҚО, Қарағанды, Алматы және еліміздің өзге аймақтарында жаңартылған пошта бөлімшелері іске қосылды. Бұған дейін жөндеуден өткен Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Талдықорған, Тараз және Ақтау қалаларындағы бөлімшелер ашылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының жаңғыртылған бөлімшесінің ашылу салтанатына қатыстыі. Кездесу барысында «Қазпошта» АҚ-ның Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов қонақтарды жаңартылған бөлімшенің жұмысымен таныстырып, компанияның қызметтерін одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
«Біз барлық бөлімшелерімізді жаңартып, олардың инфрақұрылымын жаңғыртып, бизнес-процесстерді қайта қарастырып жатырмыз. Кезекте тұрмай және көптеген құжаттарды толтырмай жаңа кеңселерге келіп қызметтерді алу мүмкіндігі Алматы азаматтарының көңілінен шығады деп үміттенеміз. Алматыда бұл 4 жаңартылған бөлімше, жоспарымыз бойынша бұл қалада 18 бөлімше жаңартылады», - деді Қазпошта басшысы.
Сакен Сарсеновтің айтуынша, пошта бөлімшелерін жаңғырту барысында жұмыс кеңістігін оңтайландыруға ерекше көңіл бөлінді: операциялық бөлмелердің ауқымы функционалдық емес кабинеттерді жою арқылы 9 000 шаршы метр ден 19 000 шаршы метрге дейін өсті. Сондай-ақ, жаңартылған бөлімшелерде бір деңгейлі және кедергісіз қызмет көрсету терезелері енгізілді, жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аймақтары, пошта және қаржы қызметтері залдары бөлінді, операциялық терезелердің саны көбейтілді.
«Жаңа жұмыс форматына көшу халыққа қызметтер көрсету сапасын арттырумен бірге сәлемдемелерді алу және жөнелту рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде, сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту уақыты 2-3 минутқа дейін қысқарды, ал супермаркеттер арқылы берілетін сәлемдемелер саны екі есеге артқан», - деді Сакен Сарсенов.
Аталған бөлімшелерді жаңғырту, тек күрделі жөндеуді ғана емес, сонымен қатар технологиялық құрамдардың жаңартылуын көздейді. Барлық жаңғыртылған пошта байланыс бөлімшелері бірыңғай электронды кезек жүйесімен, видео қадағалау және өрт қауіпсіздігімен қамтамсыздандырылған.
Қызмет көрсету залдарындағы жағдайды бақылау үшін, барлық бөлімшелердің жұмысын онлайн режимінде бақылайтын Ахуалдық қызмет орталығы құрылды. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.
Оның үстіне пошта байланыс бөлімдері тәулік бойы жұмыс істейтін болады («POST 24» өзіне-өзі қызмет ету аумағы): қаржы қызметі бойынша – банкоматтар және төлем терминалдары, ал почта қызметтері бойынша – поштаматтар болады. Жаңғыртылған бөлімдерде қабылдау және аудармаларды жүргізу валюталық кассалары бар.
Жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазақстанның 197 елді мекенінде орналасқан 400 пошта бөлімшелерін жаңарту жоспарланып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру