• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның құс өсірушілер одағы құс өсіру саласының мемлекеттік қолдауын күшейтеді

Қазақстанның құс өсірушілер одағы құс өсіру саласының мемлекеттік қолдауын күшейтеді

16 Наурыз, 2017 13:34
Қазақстанның құс өсірушілер одағы құс өсіру саласының мемлекеттік қолдауын күшейтеді. Бұл туралы Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов Астанада ұйымның есептік кездесуінде мәлімдеді.

Одақ басшысы айтып өткендей, мемлекеттік қолдаудың шарасын өз деңгейінде сақтап қана қоймай, оны жаңа механизмдерді енгізу арқылы  күшейте түскен дұрыс.

«2016 жылы  Құс өсірушілердің  республикалық  палатасы құрылды, оның негізгі мақсаты  құс өсірушілік саласында   тұқымдық істі  енгізу,  тұқымдық куәлік пен тіркелулерді беру және тұқымдық салада  ортақ қызығушылықтарды қорғау болып табылады. Құс өсірушілер  палатасы  тұқымдас мал өсірушілік туралы  заң талабы бойынша  құрылды», - деді Р.Шәріпов.

Одақ президенті айтып өткендей,  отандық құс өсірушілік салада   өзекті мәселелер туралы айтып өтті.

«Бүгінде  АШМ мемлекеттік бағдарлама  аясында  Мемлекеттік корпорация аясында жем қорын құру қарастырылған. Оның сыйымдылығы 30 мың тонна тарыны, 250 мың тоннаны құрайдың,   оның мақсаты  астықты резерв  қорын жаңарту  мақсатында азық-түлік астығын  сақтау», - деді ол.

Заманауи және жаңғыртылған  жағдайдағы  құс фабрикалары  бойынша  кооперативтер құру  өте маңызды.

«Құс өсіру бойынша  ауыл шаруашылық кооперативтерін  құруға келетін болсақ, құс өсірудің  бірегейлігі   аз уақыттан кейін қайта қалпына келе алуында. Алайда «құс тұмауы» сынды аурулар  тұқымның өсуіне зиян келтіруі мүмкін. Бұл орайда құс фабрикалары ветеринарлық-санитарлық талаптарды бұлжытпай орындайды», - деді ол.

Қазіргі таңда бірқатар шаруашылықта  инкубациялық жұмыртқалардың тапшылығы байқалып отыр. Кей  өңірлерде  құс өсіру кәсіпорындарында   инкубациялық жұмыртқа шығаратын  құстар жеткіліксіз.

Айта кетейік, елордада  жыл сайынғы  Құс өндірушілер  одағының  қауымдастық мүшелерінің есептік кездесуі өтті. Шарада  отандық құс етін 67 пайызға ал тауарлық жұмыртқаны  78 пайызға арттыру айтылды.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар