Астанада 2014 жылы газбен жүретін 350 автобус сатып алынады

18 Желтоқсан, 2013 15:22
Қазіргі уақытта елордада жолаушылар көлігі тапшылығы байқалады, осыған орай, 2014 жылы газбен жүретін 350 автобус сатып алу көзделген, деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кестеге сәйкес, 200 автобус Астанаға елорда күні мерекесіне және 150 автобус 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін жеткізіледі», - делінген хабарламада.

«Экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықты қамтамасыз ету үшін автобустар газ қондырғысымен жабдықталады. Осыған байланысты, қалада жаңа газ электр станциясы және бірқатар жанар-жағармай құю станциясы салынады. Автобустарды орналастыратын жаңа парк керек, оның орны белгіленді, құрылысы таяу арада басталады», - деді astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында.

Айта кетейік, ұзындығы 12 м автобустардың 80% 110 орынға шақталған. Ал 20% 150 орындық болады. 

 

Барлық жаңалықтар