- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында болды
Б.Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында болды
Б. Сағынтаевқа нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бұдан соң карьердің шолу алаңында ҚР Премьер-Министріне кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді, ал сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында Премьер-Министрге кенді байыту технологиясы таныстырылды.
2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіру бойынша Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. Биылғы жылдың соңына қарай катодты мыс өндірісі көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты KAZ Minerals Тобының жобасы болып табылады, ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аттас кентке жақын орналасқан ашық түрдегі ірі кен орны. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді. Бұл соңғы бес жылды алып қарағандағы ең ірі индустриалды құрылыс.
Еске салайық, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел аймақтарына жұмыс сапарларын бастады. Премьердің жұмыс кестесіндегі алғашқы аймақ Шығыс Қазақстан облысы болды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды -
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды -
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді -
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды