Таразда тілдерді дамытатын жастар клубы ашылды

16 Наурыз, 2017 12:29
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен облысымызда жас полиглоттар клубы құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Клубтың негізгі мақсаты – шет тілдерін еркін меңгерген облыс жастарының басын қосып, олардың қабілеттерін шыңдау. Сондай-ақ, жастардың көп тіл білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Шараға облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева қатысып, жастардың көп тіл білуге деген құштарлығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта клубтың жұмысына қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Ал, облыстық «Полиглот» клубының президенті Сағи Алтынкөп облыс аудандарындағы көп тіл меңгерген жастармен онлайн байланысқа шығып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, бұл клуб мүшелегінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын еріктілер тобы да бар екендігін айтып өтті.

Бірнеше тілді меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Сол себепті, біз көп тілді орта қалыптастырып, өз білімімізді өзгелермен бөлісуіміз қажет. Сондай-ақ, біздің клубымызда  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баратын еріктілер да бар.

Қазіргі таңда клубқа Тараз қаласы мен 8 ауданнан 60-тан аса көп тілді меңгерген азаматтар топтастырылған. Алдағы уақытта клуб мүшелері көп тіл білетін жастармен толыға беретін болады.

Барлық жаңалықтар