- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылық киім өндірушілер Астана нарығын игеруде
Алматылық киім өндірушілер Астана нарығын игеруде
Бұл кәсіпорынның есеп бойынша Астанадағы екінші бутигі, бірінші бутик «Самғау» сауда орталығында орналасқан. Бұдан басқа, Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне компания «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығындағы қолдағы бар бутикке қосымша ретінде «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығында жаңа сауда орнын ашуды жоспарлап отыр. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның Қазақстан бойынша барлығы 4 бутигі жұмыс істейтін болады.
Барлық сауда орындарында ерлер киімі мен аяқ киімі және мектеп формасы ұсынылған. Өткен жылдың желтоқсан айында кәсіпорынның итальяндық технология бойынша 75-тен астам үлгілік түрлерін құраған ерлер аяқ киімінің өндірісін іске қосқанын атап өтеміз. Желінің өндірістік қуаты 2,5 млрд. теңге тауар айналымымен жылына 150 000 жұп аяқ киімге жетеді деп болжануда. Бұдан басқа, тігін бұйымдарының өндірістік қуаты жылына 1,5 млн. бірлікті құрайды. Компания өнімінің қазақстандық қамтудағы үлесі 84%-ға дейін жетті.
Қазіргі уақытта, фабрика өңірдің ең ірі жұмыс берушілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын ашылған сәттен бері жұмысшылардың саны 15 есеге, 30 адамнан 450 адамға дейін артты, ал өндіріс көлемі 7 есеге артты. Сондай-ақ, кәсіпорын жанында 2014 жылдан бері «Шебер» оқыту орталығы жұмыс істейді, онда әрі қарай фабрикамен қатар, одан да тыс жерлерге жұмысқа орналастыра отырып, 7 бағдарлама бойынша оқытудың қос технологиясымен тігін және аяқ киім өндірісінің мамандарын даярлау және қайта даярлау жұмысы жүргізіледі. «Шебер» оқыту орталығы тігін-аяқ киім саласында 300-ден астам мамандарды оқытып шығарды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Алматылықтарды дәрі-дәрмекпен қамтуға қанша қаражат бөлінді