- Басты
- ҰЭМ: 2017 жылы экономика өсімі 2%-дан артуы күтіледі
ҰЭМ: 2017 жылы экономика өсімі 2%-дан артуы күтіледі

«Көптеген елдер протекционистік әкімшілік шаралар арқылы экономикалық саясаттың басымдықтарын қайта қарауда және ішкі нарықты қорғауға тырысады, аталған бұл шаралар тек бағалардың өсуін тоқтатады, одан әрі шеттетуге жағдай жасайды» деп белгіледі Сүлейменов.
«Қазақстан керісінше экономикалық өсімді ынталандыру үшін ашық диалогты және либералдық тәсілдемені таңдайды. Біздің макросаясаттың негізгі екпіні салауатты бәсекелестік, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ экономика салаларының терең технологиялық жаңғыртуды дамытуға негізделген жаңа өсу моделіне көшуді көздеу» - деді министр.
Ол жаңа өсу моделінің негізі Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру болатынын белгіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Өткен жылы біздің өсу драйвері ішкі және сыртқы инвестициялар болды. Неғұрлым тұрақты және әртараптандырылған өсу үшін, бізге экспорттың жеткізілімнің сандық және сапалық өсуі қажет. Осыған байланысты біз Қазақстанның бірыңғай экспорттық стратегиясы дайындалатын болады» - деді Сүлейменов.
Ол сондай-ақ, салық заңнамасы жаңа экономикалық шындықтарға өтуді ынтыландыруға, Жаңа экономика секторларын қолдауға, жер қойнауын пайдалануға жаңа инвестициялар тартуға, салықтық жеңілдіктерді оңтайландыруға, салықтық әкімшілендіруді одан әрі оңайлатуға тартуға бағытталатынын белгілеп өтті.
«Экономикада ШОБ үлесін арттыру мақсатында БЖК-2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жалғасатын болады. Мұнда бюджеттік қаражаттардан басқа халықаралық қаржылық ұйымдардың кредиттік желілері тартылатынын атап кету керек» - деп ақпараттандырды Сүлейменов.
Министр сонымен қатар, 2016 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 1% құрағанын еске салды.
«2017 жылы біздің болжам бойынша экономика секторларының өсу қарқынын бірқалыпты қалпына келтіру жылы болады. Оған себепші сыртқы жағдайлардың тұрақтануы және тұтынушылық белсенділіктің жандануы. Біздің базалық болжамымызға сәйкес сыртқы ойламаған шоктардың болмауы жағдайында 2017 жылы экономика өсімі 2%-дан артуын күтеміз» - деп қорытындылады Сүлейменов.
Сөз сөйлеуінен кейін министр «Жаңа жаһандық қайта іске қосу. Қазақстан үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктер» панельдік пікірталасына қатысты.
Summit CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT қаржылық блокының топ-менеджерлердің жыл сайынғы саммиті Алматыда өтуде. Іс-шарада дәстүр бойынша Қазақстанның қаржылық жүйесін дамыту перспективалары, соңғы трендтер мен инновациялар талқыланады. Іс-шараға «СК «Сентрас Иншуранс» АҚ басқарма төрағасы, «Тәуекелдерді бағалау тобының» директоры Досым Сатпаев, «Халық банк» БАД Үміт Шаяхметова, "Visor Holding" БАД Айдан Кәрібжанов, BI Group басқарма төрағасы Амангелді Омаров және басқалары қатысуда.
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады
Елордада «Студенттер мен жас оқытушылардың ТДМ-2030-ға үлесі» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:38
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы қандай
Алматы облысының аудандары белсенді даму үстінде. Жеке аудандардың дамуы жалпы облыстың қарқынды дамуына ықпал етеді. Мәселен, Көксу ауданында 2100 гектарға қант қызылшасы себілген, қазіргі кезде соның 1800 гектары толығымен жиналды. Орташа өнімділігі 370-380 центнерден айналуда, деп хабарлады Strategy2050.kz.
13 Қараша 2019, 11:35
-
Елордада 2021 жылы Жер фестивалі өтеді
6-7 қараша аралығында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева бастаған, құрамында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рамазан Жәмпейісов және Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының Стратегиялық даму департаментінің директоры Мәдина Жиенбаева қатысқан делегация Монако қаласында өткен форумға белсене қатысты.
07 Қараша 2019, 17:31
-
Келесі жылы Үкімет Парламент қарауына 16 заң жобасын ұсынады
2020 жылы Үкімет Парламент қарауына 16 заң жобасын ұсынады. Бұл туралы үкімет отырысында Әділет вице-министрі Н.Пан айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 11:59
-
Қазақстан мен Моңғолия 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелейді
Елордада Халықаралық Түркі академиясында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған арнайы іс-шара өтті.
31 Қазан 2019, 13:33
-
В.Ярошенко: Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста
Қазіргі таңда Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
30 Қазан 2019, 14:33
-
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК қалай көрсетіледі
Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай, табысы аз отбасыларға төленеді. Алайда, АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері әр отбасына жеке тәсілді ұсынады. Негізгі принцип - мемлекет шынымен көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі.
28 Қазан 2019, 17:16
-
Қ.Тоқаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді талқылады
Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко кездесті. Президенттің резиденциясында Қазақстан Президенті Беларусь Президентін қарсы алған соң, шағын құрамда кездесу өткізді.
25 Қазан 2019, 11:11
-
2021 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді
2021 жылдан бастап Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың келтірілген экологиялық зардапты жоюға міндеттейтін жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
17 Қазан 2019, 13:25
-
ТМД елдерінде экономиканы цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр – Қ.Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
11 Қазан 2019, 18:02
-
Маңғыстау облысы экономикасының дамуы 3 жылда 3,7%-ға өсті
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен бірқатар қоғамдық мәселелер талқыланды. Алдымен облыс әкімі аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде баяндады.
03 Қазан 2019, 13:12
-
Ауылдарды көтеру –экономикалық саясаттың басым бағыты – С.Рахимбекова
«Жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалициясы» ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахимбекова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ауылдардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
02 Қазан 2019, 16:34
-
ЕО Қазақстанға 2005 жылдан бері $150 млрд инвестиция салды
Еуропалық Одақ Қазақстанға 2005 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін шамамен $150 млрд инвестиция салды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда тіркелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуінде айтты, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.
02 Қазан 2019, 10:13
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды