- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық процесс: Кезекті келіссөздер 3-4 мамырда өтеді (ФОТО)
Астаналық процесс: Кезекті келіссөздер 3-4 мамырда өтеді (ФОТО)
Кездесуге қатысушылар Сириядағы соғысты тоқтату режимін сақтау жағдайына назар аударды. Аталмыш режимді бұзу мониторинг механизмінің үшжақты тиімділігін арттыру, татуласуға қосылған аудандардың жағдайы, тұтқындар туралы ақпарат алмасу, Сириядағы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұра нысандарын минасыздандыру халықаралық қауымдастығына көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Екі күндік келіссөздердің қорытындысы бойынша гарант елдер бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар құжатында соғысты тоқтату шараларын нығайту және Астана процесінің Женева келіссөздерін толықтыру және қосымша ретіндегі рөлі аталып өткен.
Тараптар келесі кездесуді 2017 жылдың 3-4 мамырында Астанада өткізуге келісті, сондай-ақ, Тегерандағы сарапшылық деңгейдегі алдын ала консультацияларды 2017 жылдың 18-19 сәуірінде өткізуді жоспарлады.
Келіссөздердің қатысушылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Үкіметке астанада келіссөз ұйымдастыру мүмкіндігіне алғыс білдірді.
Қазақстан Астанадағы Сирия жөніндегі халықаралық үшінші кездесудің қорытындысын сириялық дағдарыстың саяси реттелуіне нақты үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады.
Айта кетейік, Астанада Сирия жөнінде үшінші халықаралық келіссөздер өтті. Келіссөздерге соғысты тоқтату режимінде гарант елдер -Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ өкілдері, Иордания, АҚШ, Сирия үкіметі қатысты.
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді