Халықаралық интеграция

Астаналық процесс: Кезекті келіссөздер 3-4 мамырда өтеді (ФОТО)

Екі күндік келіссөздердің қорытындысы бойынша гарант елдер бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 16 Наурыз, 09:34

Кездесуге қатысушылар  Сириядағы  соғысты тоқтату режимін сақтау жағдайына назар аударды. Аталмыш режимді  бұзу  мониторинг механизмінің үшжақты тиімділігін арттыру,  татуласуға қосылған аудандардың жағдайы, тұтқындар туралы  ақпарат алмасу,  Сириядағы  ЮНЕСКО  Дүниежүзілік  мәдени мұра  нысандарын  минасыздандыру  халықаралық  қауымдастығына  көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Екі күндік келіссөздердің қорытындысы бойынша  гарант елдер бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар құжатында  соғысты тоқтату шараларын нығайту  және Астана процесінің  Женева келіссөздерін  толықтыру және қосымша  ретіндегі рөлі аталып өткен.

Тараптар  келесі кездесуді  2017 жылдың  3-4 мамырында Астанада өткізуге  келісті, сондай-ақ, Тегерандағы сарапшылық деңгейдегі алдын ала консультацияларды  2017 жылдың  18-19  сәуірінде өткізуді  жоспарлады.

Келіссөздердің  қатысушылары  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Үкіметке  астанада келіссөз ұйымдастыру мүмкіндігіне алғыс білдірді.

Қазақстан  Астанадағы  Сирия жөніндегі халықаралық  үшінші кездесудің  қорытындысын  сириялық дағдарыстың саяси реттелуіне нақты үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады.  

Айта кетейік, Астанада Сирия жөнінде  үшінші халықаралық келіссөздер өтті. Келіссөздерге  соғысты тоқтату режимінде  гарант елдер  -Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ өкілдері, Иордания, АҚШ, Сирия үкіметі қатысты.

Фото:  Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика