Қызылорда облысы Шиелі ауданында мектеп пен емхана қолданысқа берілді

18 Желтоқсан, 2013 15:10
Қызылорда облысы Шиелі ауданында құрылысшылар қолданысқа мектеп пен емхананы берді, деп BNews.kz хабарлады.

«Шиелі кентінде осы күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен 600 орындық № 270 орта мектеп  ашылды. Мектеп құрылысын жасаған мердігер компания -  «Бақ-Жай» ЖШС құрылысты 2013 жылы қаңтар айында бастаған болатын», - делінген хабарламада.

Екі қабатты ғимарат 4 блоктан тұрады және барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Мердігер мекеме білім ошағының ашылуына орай мектеп ұжымына  «Газель» автокөлігін сыйға тартты.

Сондай-ақ осы күні Шиеліде емхана ашылды. Құрлыс 2012 жылы қараша айында басталған. Барлық емдеу бөлмелері толық медициналық құрал жабдықтарымен жабдықталған. Бұл нысанға да мердігер мекеме – «Дәнекер» ЖШС автокөлік сыйлады.

 
 
 
 

Барлық жаңалықтар