- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ транзиттік автотасымалдаушылар үшін «Сәтті сапар» ақпараттық жүйесін іске қосты
ҚР ИДМ транзиттік автотасымалдаушылар үшін «Сәтті сапар» ақпараттық жүйесін іске қосты
Жүйе елдің транзитті-көліктік әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында енгізілуде. Жүйенің мақсаты бетпе-бет кездесулерді болдырмау, жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту, транзиттік тасымалдаушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою, тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және жол бойында тексерістерді жиілетпеу.
Бүгінгі таңда жыл сайын Қазақстан Республикасы арқылы шамамен 80 мың транзиттік автокөліктік құралдары жүріп өтеді. Негізгі бағыттар: Қытай Халық Республикасы – Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропа елдерінен келе жатқан транзитті жүктер.
Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жүк тасымалдауды жоспарлап отырған тасымалдаушылар үшін жүйеге өз еркімен тіркелу ұсынылады.
Жүйеде мына мәселелер қамтылған:
1. Тасымалдаушы sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы Жүйеде өткізу бекеттерін, бағытын, рұқсаттама нөмірін және автокөліктік құрал туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүріп өтетін жолын алдын-ала тіркейді.
2. Жүйе деректерді тексереді, бірегей нөмір меншіктейді, электронды түрде мәліметтерді тіркейді. Тасымалдаушы оның деректері енгізілген құжатты басып шығара алады.
Тасымалдаушыға көліктік бақылау органдарының қызметкеріне аталған құжатты көрсету жеткілікті және қажет болған жағдайда рұқсаттаманың транзиттік бланкін (халықаралық келісімдердің нормасына сәйкес) көрсетеді.
3. Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүйе арқылы құжатта көрсетілген деректерді тексереді. Тасымалдаушымен деректер жүйеге дұрыс енгізілген жағдайда автөкөлік тексеріссіз жүріп өтеді және жүріп өткені туралы электронды белгі қойылады.
Бұл ретте тасымалдаушы көліктік бақылау өткізілген күні мен уақытын, және электронды белгіні қойған қызметкердің дерегін sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы көре алады.
Қазір «Сәтті сапар» пилоттық режимде енгізілді және одан әрі экспортты-импортты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды тіркеу жоспарлануда.
Алдағы уақытта тасымалдаушыларға аталған жүйеде ұялы телефон арқылы электронды түрде қажетті рұқсаттаманы рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылатын болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру