- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының музейлері ЭКСПО-2017 қонақтарын қарсы алуға дайындалуда
Қарағанды облысының музейлері ЭКСПО-2017 қонақтарын қарсы алуға дайындалуда
Шетелдік қонақтар үшін Қарағанды мен Теміртаудан Жезқазған мен Ұлытау ауданына дейін бірнеше маршрут ұйымдастырылады. Қарағанды облысында 16 музей жұмыс істейді. Әрбір музей өз өлкесі мен рухани мұрасы туралы бірегей экспозиция жасайды.
Сонымен қатар, музей қызметкерлері экскурсия өткізу шеберлігін шыңдауда.
Гид-аудармашылар, экскурсия жетекшілері мектебінің директоры Салтанат Әбжанова шеберлік сыныбы мен тренингтер өткізді. Астаналық маман шетелдік топтармен жұмыс істеудің әдісі, шетелдік туристердің қызығушылықтары мен ілтипаты туралы айтып берді.
Экскурсия жетекшісінің киімі, сөйлеу мәнері – осының барлығы біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына енгізілді. Қатысушылар шешендік өнерді меңгеріп, артық сөздерден арылуды үйренді. Көп және ұзақ сөйлеу үшін белгілі бір машықтар қажет. Музей қызметкерлеріне дауысты, дикцияны, интонацияны, тыныс алуды қою бойынша жаттығулар берілді.
Теория тәжірибеге ұласты. Курсқа қатысушылар туристер рөлін атқарды. Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына ұйымдастырылған көшпелі экскурсияны облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Гүлжан Кударинова өткізді.
Тренинг соңында 39 музей қызметкеріне сертификаттар табысталды.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады