- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ теміржолды қазақстандық рельс өнімімен жаңғыртуда
ҚТЖ теміржолды қазақстандық рельс өнімімен жаңғыртуда
Ақтөбе рельс арқауы зауытының өнімдері республиканың магистральдық желісіне 500 шақырымға жуық жолға төселді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының менеджері С. Әлиевтің айтуынша, «ақтөбелік рельстер барлық теміржол бойларына жеткізілуде».
Ақтөбелік рельс өнімдері өткен жылдан бері Алматы-1-Шу екінші теміржол желісі, Құрық порты паром кешенінің кіре берісіне, Астана вокзал кешені құрылысына жұмсалуда. Барлық осы нысандарға өткен жылы 14 мың тонна рельс өнімдері жеткізілді.
«Ұзын рельстерді төсеу жалғасатын тұстарының барынша азаюымен құнды. Рельстер жоғары технологиялық мінездемеге ие. Бұл өз кезегінде пойыздың жоғары жылдамдықпен жүруіне ықпал етіп, жылжымалы құрамның тозбай сақталуына да, жолаушылардың пойызда өздерін жайлы сезінуіне де әсер етеді»,-дейді С. Әлиев.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРАЗ» ЖШС арасындағы магистральдық желіні жаңғыртуға арналған ұзақмерзімдік келісімге сәйкес 2022 жылдарға дейін 600 мың тоннадан астам рельс жеткізуі жоспарланып отыр.
АРАЗ өнімдерімен ел ішіндегі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, көршілес елдердің нарығына да экспортқа шығаруға басымдық береді. Биылғы жылғы келісім бойынша зауыттың 64 мың тонна рельс өнімдері Өзбекстан, Тәжікстан, Белорусь, Грузия, Түркменстан, Ресей, Эстония мен Иранға жіберіледі.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді