- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады
Сенатта халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады
Шараға ауыл шаруашылығы, дін істері және азаматтық қоғам, білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ оларға қарасты мекемелердің өкілдері қатысты. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова талқылауды ашып, бұл кездесу Сенаттың 2017 жылға арналған Жоспарына сәйкес өтіп отырғанын атап өтті.
Оның мақсаты «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы аясындағы «Жұмыспен қамту жол картасын» құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдің (2016 жылғы 19 қазандағы) ұсынымдарын орындау барысы туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тыңдау болып табылады. Кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғам министрі Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамтудың жөніндегі нақты ұсынымдарының орындалуы мен жекелеген мәселелері бойынша жаңа әдіс-тәсілдер әзірлеу туралы хабардар етті.
2016 жылғы 29 желтоқсанда еңбек нарығында қажет болатын кәсіби тәжірибе мен машықтарды игерудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдаумен бірге еңбек делдалының тиімді үлгісін жасауға бағытталған 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қабылданды.
Кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы министрліктерінің нәтижелі жұмыстары, ұсынымдардың барлық тармақтарының орындалғаны, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы жоспарлар мен келешектегі жұмыстар туралы толық және бәрін қамтитын ақпараттар берілгендігі аталып өтілді. Сенаторлар Ақан Бижанов, Серік Бектұрғанов және Әли Бектаев және басқа да кездесуге қатысушылар талқыланып отырған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Кездесуді қорытындылай келіп, Бірғаным Әйтімова пайдалы әрі нәтижелі әңгіме болғанын атап өтті. Жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты және ондағы жетілдіруді талап ететін жекелеген мәселелер бойынша бірқатар маңызды мәселелер қозғалды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес