Жамбыл облысында 5 жылда 436 тұрғын үй жөнделді

15 Наурыз, 2017 14:36
Жамбыл облысындағы 610 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуді қажет етеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның берген ақпаратына сүйенсек, облыста 1574 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, оның 610 үйі немесе 38,7% күрделі жөндеуді қажет етеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында жалпы 2986,236 млн.теңгеге 218 үй жөндеуден өтті, оның ішінде:республикалық бюджеттен бөлінген 2 489,483 млн.теңгеге – 172 үй жөнделді. Жамбыл облысында  5 жылда 436 тұрғын үй жөнделді.

Бүгінгі күнге 392 үй жөндеуді қажет етіп тұр, бұл жалпы 1574 үйдің 25% құрайды.   

2017 жылдың 1 ақпанына бағдарлама аясында пәтер иелерінен қайтарылған қаражат 584,615 млн.теңгені немесе 64,6%-ды құрайды (жоспар 905,358 млн.теңге).

Тараз қаласы жоспар 739,6 млн.теңге, нақты қайтарылғаны 498,6 млн.теңге немесе  67,4%.

Барлық жаңалықтар