- Басты
- Жаңалықтар
- Чили Президенті Қазақстанды саяси жүйені демократияландыруда қолдайды
Чили Президенті Қазақстанды саяси жүйені демократияландыруда қолдайды
15 Наурыз, 2017 13:49
Чили астанасы Сантьяго қаласында Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі және Чили Республикасындағы елші қызметін қоса атқарушы Қайрат Саржанов Чили Республикасының Президенті Мишель Бачелетке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әңгімелесу барысында дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып, Қазақстанның Чилимен сауда-экономика саласындағы екіжақты байланыстарын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Президент М. Бачелет Қазақстанға саяси жүйені демократияландыруда, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің қатарына кіруі жөніндегі экономикалық бағдарламаларды іске асыруда сәттілік тіледі.
Ол Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылуына Чилидің көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, Қазақстан-Чили қарым-қатынастарын кеңейту қажеттігін қолдады және Чили «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды