Халықаралық интеграция

Чили Президенті Қазақстанды саяси жүйені демократияландыруда қолдайды

Чили астанасы Сантьяго қаласында Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі және Чили Республикасындағы елші қызметін қоса атқарушы Қайрат Саржанов Чили Республикасының Президенті Мишель Бачелетке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 15 Наурыз, 13:49

Әңгімелесу барысында дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып, Қазақстанның Чилимен сауда-экономика саласындағы екіжақты байланыстарын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. 

Президент М. Бачелет Қазақстанға саяси жүйені демократияландыруда, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің қатарына кіруі жөніндегі экономикалық бағдарламаларды іске асыруда сәттілік тіледі. 

Ол Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылуына Чилидің көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, Қазақстан-Чили қарым-қатынастарын кеңейту қажеттігін қолдады және Чили  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуды жоспарлап отырғанын хабарлады.





Яндекс.Метрика