- Басты
- Жаңалықтар
- Омбы делегациясы Павлодардың инвестициялық әлеуетімен танысты
Омбы делегациясы Павлодардың инвестициялық әлеуетімен танысты
Делегация ең алдымен Омбы облысына көршілес жатқан Железин ауданындағы «Пахарь» ЖШС-ің агроқалашығында болды. Қонақтар 4200 бас асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде мұнда өндірістік және мәдени-сауық кешені, 12000 тонналық көкөніс қоймасы бар, жақында кәсіпорын шетелден 1200 бас асыл тұқымды мал сатып алды.
Жоспар бойынша түстен кейін Достық Үйінің үлкен залында аймақ басшыларының ресми кездесуі өтеді. Жиын барысында шекаралас аймақтардың инвестициялық және экономикалық потенциалы таныстырылады. Сонымен қатар, екі тарап аймақтар арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге салалардағы байланыстарды нығайту туралы Келісімге қосымша келісімшартқа қол қояды.
Ресей делегациясының бағдарламасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебіне, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не, «Нефтехим ЛТД», «Казэнергокабель» АҚ-на бару көзделген. Ең соңында делегация «Павлодар»арнайы экономикалық аймағына барады.
Омбы мен Павлодар облыстарының арасындағы шекара 265 километрді құрайды. Біздің аймағымыз көршілес облыстың сенімді сауда серіктесі болып табылады. Екі өңірдің арасындағы сауда айналымы жылына шамамен 100 млн. долларға жетеді.
Омбы және Павлодар қалалары 2015 жылы Павлодар қаласының ресми сапары кезінде бауырлас қалалар боп танылды. Сәуір айында Омбыда Павлодар облысының күндері өтеді. Шекаралас әрекеттестіктің шеңберінде Павлодар қаласы шығармашылық ұжымдарының концерті мен уретшілер көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Тараптардың айтуы бойынша осы сапар екі жаққа да тиімді әрекеттестікті одан сайын дамытуға мүмкіндік береді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Психолог: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі пандемия емес -
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты