- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысы өзге аймақтардан дәрігер-мамандарды тартуды жоспарлауда
Атырау облысы өзге аймақтардан дәрігер-мамандарды тартуды жоспарлауда
Аймақ басшысы өз сөзінде, үкімет жиналысы барысында анықталғандай Атырау облысы бойынша тіркелген медициналық көмектің төмен деңгейі туралы айтып кетті.
«Бұның салдары жауапты тұлғалардың өз міндерттеріне көз жұма қарауынан.Біздің емханаларда барлығы дерлік жаңа жабдықтармен жабдықталған, алайда, жұмыс сапасы жақсарар емес. Туындаған мәселенің себебін іздеген кезде – барлығы бір-біріне қарайды, сол немесе басқа мәселені ешкім жауапкершіліктеріне алғылары келмейді.Мұндай жағдайда, түбегейлі шаралар қабылдап, облысымызда денсаулық сақтау жүйесін өзгертуге мәжбүрміз. Осыған орай, басқа аймақтардан мамандарды шақырып – мүмкін олар осындағы бірқатар мәселелерді шешуге, әрбір науқаспен өзгеше байланыс орнату мүмкін болар. Республикамыздың Оңтүстігінен немесе солтүстігінен мамандар келген кезде оларға суық қабақ таңытпай жылы лебізбен қарсы алу керек. Біз, бір елдің азаматтарымыз, егер біздің облысымызда денсаулық сақтау саласында мамандар жетіспесе, демек басқа аймақтардан шақыртамыз», - деді әкім.
Нұрлан Ноғаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасына қатысуға кәсіпкерлерді жұмылдыру жұмысы туралы әріптестерінің назарын аударды.
«Біз, мемлекет пен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы көлік, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік инфроқұрылым сияқты жоба салаларының өсуіне әкеліп соғуы үшін жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі таңда, біздің осы сала бойынша бірқатар жетістіктеріміз болғанымен, бұл аз. Біздің алдымызға Президент және үкімет міндет қойды - МЖӘ субъектілерінің санын арттыру, бизнесті дамыту үшін жаңа серпін беру. Біз, талмай еңбек етіп, облысымыздың шетелдік инвесторларға және ірі бизнесмендер үшін қолайлы екенін көрсетуіміз керек. Негізгі жұмыс-экономика өсімінің драйвері ШОБ, ал қуатты көмекші құрал – МЖӘ. Мен өз әріптестерімнен осы мәселемен егжей-тегжейлі айналысуларын сұраймын. Әкімдік пен бизнес үйлесімді жұмыс жасаулары қажет», - деп қорытындылады әкім.
Бүгінгі таңда Атырау облысында, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік схемсы бойынша екі жоба: Балықша селосында 160 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту және Ақсай ауылында ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы іске асырылып жатыр. Жақын болашақта, мемлекеттік-жекеменшік схемасы бойынша облысымызда 20 балабақша және 8 мектеп, қала маңындағы ауылда ауысымына 250 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Жайық өзенінің сол жақ жағалауына заманға сай кәріс-тазарту қондырғысын және облыс орталығындағы аудандардың электрмен жабдықтау үшін «Солтүстік сақина» объектілерін қалпына келтіру жоспарланып отыр.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды