Маңғыстау облысында жаңа әкім тағайындалды

14 Наурыз, 2017 16:09
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Ақтауға жұмыс сапарымен барды.

Отырыс барысында премьер-министр Б. Сағынтаев облыс әкімі лауазымына Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына жіберген хатын оқып берді.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

 

 

Барлық жаңалықтар