- Басты
- Жаңалықтар
- МӘМС жарна төлеушілер тізбесі кеңейтілді – Денсаулық сақтау министрлігі
МӘМС жарна төлеушілер тізбесі кеңейтілді – Денсаулық сақтау министрлігі
Еліміздегі макроэкономикалық жағдайға байланысты, сондай-ақ жұмыс берушілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында, мөлшерлемелердің, соның ішінде мемлекет жарнасы мөлшерлемелерінің мөлшерін төмендету туралы ұсыныстар енгізілді.
«Осы заң жобасында қорға төлеуге жатпайтын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) арналған мемлекет жарналарын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,75% мөлшерінде белгілеп, 2022 жылға дейін мемлекет жарналарын есептеу нысанынан 5% дейін арттыру ұсынылады. Жұмыс берушілердің міндетті медициналық сақтандыруға аударымдарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – есептеу нысанының 1%-ы, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5%-ы және 2022 жылы 3%-ы мөлшерінде белгілеу ұсынылады», – деп баяндады министр.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық жарналары 1 қаңтардан бастап 5% құрайды. Заң жобасында жеке кәсіпкерлердің жарналарын есептеу нысаны ретінде ең төмен екі жалақыны айқындау ұсынылады.
«Медициналық көмектің қолжетімділігі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына олар үшін жарналар түсетін тұлғалар санатын кеңейту ұсынылады. Оларға келесі санаттар жатады: 18 жасқа дейінгі мүгедек баласына күтім көрсететін жұмыс істемейтін адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар (тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде), ҚР аумағында тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шет ел азаматтары», – деп нақтылады ведомство басшысы.
Сондай-ақ, МӘМС жарна төлеушілер тізбесі адамдардың келесі санаттарымен толықтырылған: белсенді емес халық – басқа адамдар, соның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңында айқындалған өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, ҚР аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткендерді қоспағанда, ҚР аумағынан тыс шыққан Қазақстан азаматтары.
Адамдардың осы санаттарының жарналары мөлшерлемесін ең төмен бір жалақының 5%-ы мөлшерінде белгілеу ұсынылады.
Ақбота Күзекбай
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды