Б. Сағынтаев ұялы байланысты дамыту компаниясының өкілдерімен кездесті

14 Наурыз, 2017 19:48
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның Президенті және Бас атқарушы директоры Йохан Деннелинд бастаған «Telia Company» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық технологияларды қолданумен жаңа индустриалды бағыттарды дамыту саласында компаниямен ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «цифрлық индустрияны дамыту барлық өзге салаларға серпін беретінін» атап көрсеткен.

Мәлім болғандай, «Telia Company», «Кселл» АҚ акцияларының бақылау пакетінің иеленушісі, еліміздегі мобильдік желіні дамыту нарығының алғашқы қатысушыларының бірі болып табылады. Қазақстанға бейілділігін білдіре отырып, «Telia» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне швед тарапының қатысуын ұйымдастыру жұмыстарының жауапкершілігін өзіне алды. Негізгі тақырыптары - цифрландыру және 5G болады.

 

Барлық жаңалықтар