- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасын қабылдады
ҚР Үкіметі халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасын қабылдады
Министрдің айтуынша, заң жобасы ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және Мемлекет басшысының биыл ақпан айында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары аясында әзірленген. Аталған құжат республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейді.
Ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл басында арттырылған 9%-ды ескергенде, 11%-ға ұлғайтылатын болады. Базалық зейнетақы мөлшері жыл басында арттырылған 7%-ды ескергенде, 13%-ға арттырылады.
«Нәтижесінде, 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 20%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Зейнетақының өсуі зейнет жасындағы ел халқын немесе 2 млн-нан астам адамды қамтиды», - деді Т.Дүйсенова.
Нәтижесінде, 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27%-ды құрайтын болады.2016 жылы бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 66 621 теңгені құраған, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 71 270 теңге болған, ал 1 шілдеден бастап 86 222 теңгеге дейін өсетін болады.
«Төртінші және одан да көп баланың туылуына берілетін мемлекеттік жәрдамақы мөлшері биыл 111 035 теңгені құраған, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 118 мың теңгеге дейін өсті, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері 142 947 теңге болады», - деді министр.
Айта кетерлігі, жоғарыда аталған зейнетақы мөлшері мен баланың туылуына берілетін біржолғы жәрдемақыны өсіруге 2017 жылға арналған республикалық бюджетте қосымша 81,6 млрд теңге қарастырылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы