Өңірлер

Өскеменнің жедел жәрдем станциясына 13 автомобиль сатып алынады

ШҚО-ның кезектен тыс мәслихат сессиясында жедел жәрдем станцияларын қазіргі заманғы көлікпен қамту қарастырылған, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан14 Наурыз , 20:41

Биыл Шығыс Қазақстанның барлық аудандарындағы құқық қорғау саласының қызметкерлеріне жиыны 143 автокөлік, заманауи рациялар, бейне регистраторлар және Өскемендегі жедел жәрдем ауруханасына «Мерседес» базасындағы екі реанимобиль мен 11 «Фольксваген» көлігі сатылып алынбақ.

 Бұл жайында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім болды.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, Өскемен, Тарбағатай  және Үржар аудандарының мектептерін  жөндеуге қаржы бөлінді.

 




Яндекс.Метрика