- Басты
- Жаңалықтар
- Исламдық қаржыландыру форумы аясында төрт меморандумға қол қойылды
Исламдық қаржыландыру форумы аясында төрт меморандумға қол қойылды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Исламдық бизнес халықаралық қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы бірінші меморандумның мақсаты – исламдық экономиканы және исламдық қаржыны дамыту үшін жағдайлар жасау және өзара пайдалы ынтымақтастық жасау үшін берік негіз орнату. Құжатқа АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және ИБХҚ Президенті Марат Кабаев қол қойды.
Келесі Жеке меншік секторды дамыту ислам корпорациясы мен TUV SUD техникалық қызметтердің жетекші әлемдік жеткізушісі (Германия) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты – Орталық Азия елдеріндегі жеке инвесторларға ұсынылатын қызметтерді кеңейту және бірлескен операцияларға жәрдемдесу.
Жеке меншік секторды дамыту ислам корпорациясы мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы үшінші меморандумның мақсаты – Қазақстанның қаржы институттарын қолдау мақсатында және Қазақстандағы исламдық қаржыны дамытуға бағытталған ықтимал жолдарды іздеу.
Жеке меншік секторды дамыту ислам корпорациясы (ICD) мен «СОИБКОРБАНК» ААҚ (Тәжікстан) арасындағы өзара түсіністік туралы төртінші меморандумға Жеке меншік секторды дамыту ислам корпорациясы басқармасының төрағасы Халед аль-Абуди және «СОИБКОРБАНК» ААҚ басқармасының төрағасы Шерали Зардов қол қойды. Меморандумның мақсаты – ислам банк өнімдерін бірлесіп енгізу және Тәжікстанда ислам банкингін дамыту бойынша консультациялық қызметтер ұсыну үшін жағдайлар жасау.
Еске сала кетейік, Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) REDmoney Group-пен бірлесіп ұйымдастырған IFN ТМД 2017 форумы өтуде. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. АХҚО құру туралы конституциялық заңға Мемлекет басшысы 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойған еді. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызметтер орталығын құру. АХҚО міндеттері қаржылық қызметтер саласындағы инвестициялау үшін тартымды орта жасау, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қайрат Жандыбаев
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары