ҚР Президентінің Жолдауы

Павлодарлық мемлекеттік мекемелер зағип жандарға қолжетімді болады

Павлодар облысының әкімі осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік мекемелердің зағип жандарға қол жетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар14 Наурыз , 12:56

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаппасов Балтабай Павлодар қаласында  жеті, Екібастұз қаласында екі және Ақсу қаласында бір мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастырылғанын айтты. Басқарма мамандары барлығы 1257 нысанның қол жетімділік құжаттарын әзірлеген.

«Бұл істі толықтай жүзеге асыру үшін біз алдағы жұмыстың нақты көлемін анықтауымыз керек», - деді Болат Бақауов.

Әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік мекемелерді зағип жандарға қол жетімділігін қамтамасыз етеміз деп уәде берді. Жеке меншік нысандар бойынша басқарма мамандары тиісті деңгейде қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін меншік иесіне айып пұл салу құқығы бар еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменттерімен бірлесіп жұмыс атқарады. Өткен жылы мемлекеттік органдар 53 тексеріс жүргізіп, осы жұмыстың қорытындысы бойынша тиісті шара қабылдау туралы 16 шешім қабылдады.




Яндекс.Метрика