ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде «Киберқорғанысты» қалыптастыру мәселесі талқыланды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының XIX отырысын өткізді.
Нұр-Сұлтан14 Наурыз , 12:34

ҚР ҰҚК хабарлағандай,  отырысқа қатысушылар Елбасының «Қазақстанның киберқорғанысы» киберқауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шараларын қарастырды.

Идеологтар мен деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылардың қызметін бейтараптандыру тиімділігін арттыру жұмысының жағдайы мен қосымша шаралары талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша хаттама шешімдері пысықталды және қабылданды.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  өз Жолдауында діни экстремизмді насихаттауды ескерту  бойынша  жұмыс жүргізуді интернет пен  әлеуметтік желіде жүргізу қажеттігін айтқан болатын.  Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамда кез келген жағдайға нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру керек.

«Киберқылмыспен күрес өзектілігін арттырып жатыр. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне  «Қазақстанның Киберқорғанысы»  жүйесін құру бойынша шаралар қабылдауын тапсырамын», - деді ҚР Президенті өз Жолдауында.




Яндекс.Метрика