• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Меркель Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодексі реформаларының жай-күйімен таныстырды

И.Меркель Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодексі реформаларының жай-күйімен таныстырды

18 Желтоқсан, 2013 13:20
Бүгін Астанада ОКҚ брифингінде Қазақстанның Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодекстегі өзгерістер туралы айтып өтті.

«Жобадағы жаңалықтар ретінде жазаланатын қылмыстық іс ретінде халықаралық екі буындыжүйенің енгізілуін атауға болады, бұл жүйе жасалған қылмыстық іс-әрекеттер мен қылмыстық теріс қылықтардан тұрады. Бұл теріс қылықтардың қатарына бірқатар ұсақ әкімшілік құқықбұзушылықтер енгізілген», - деді И.Меркель.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділікке» сай, қылмыстың алдын алу мақстанында әкімшілік құқықбұзушылық саласынан қылмыстық теріс қылықтар мен қоғамдық ұсақ тәртіп бұзушылықтар бөлініп алынды», - деді ол.

Сондай-ақ, И.Меркель барлығы 171 қылмыстық теріс қылық қарастырылып отырғанын, оның құрамындағы 58-ӘҚБК-нен, 9-ы жаңа, ал 104-і ауыр емес қылмыстар қатарынан екенін жеткізді.

«Кодекс жобасында біз қылмыстардың жаңа түрлерімен күресудің негізін қалағымыз келді. Әсіресе, қылмыс белсеніп тұрған салаларда. Оның ішінде, балалар мен жасөспірімдерге қатысты кез-келген қылмыс аса қатаң жазаланатын болады. Сонымен бірге, бірінші рет тура жолдан тайғандар, әлеуметтік жағдайы төмендер, жасөспірімдер, әйелдер мен зейнеткерлер үшін жауапкершілік барынша жұмсартылып отыр», - деді спикер өз сөзінде.

И.Меркельдің айтуынша, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар үшін санкциялар күшейтілді, балаларға қатысты сексуалды мазмұндағы қылмыстары үшін сотталғандарға балалармен байланысты жұмыстармен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы қарастырылып отыр.

 

Барлық жаңалықтар