- Басты
- Жаңалықтар
- Ақпан айында шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам рұқсат берілді
Ақпан айында шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам рұқсат берілді
Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет, тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса, «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» әдісі арқылы да жүзеге асырылады.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.
Бұл ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл 290 мың мен 530 мың теңге аралығы.
Аталған ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде – 70%, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде – 90%.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді