- Басты
- Жаңалықтар
- «Қорғас» аумағында қазақстандық ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтеді
«Қорғас» аумағында қазақстандық ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтеді
Сауда нүктелеріне ет, ұн, кондитерлік, сүт өнімдері шығарылады. Жәрмеңкеге қатысуға Алматы қаласы мен облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері мүдделілік танытып отыр. Биылғы Жолдауда Қазақстанда болашағы зор саланың бірі ретінде агроөнеркәсіп кешені танылған болатын. Мемлекет басшысы АӨК алдына ірі көлемде экологиялық таза өнімдер өндіріп экспортқа шығару міндетін қойды.
«Қорғас» халықаралық теміржол шекаралық кеден орталығының алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі қазақстандық экспортты қолдау болып табылады. Осы мақсатта орталықта бизнесті табысты жүргізуге жағдай жасалған. Отандық өнім өндірушілер өз өнімдерін сыртқа экспортқа шығарып, нарық аясын кеңейтіп, серіктестермен бірлесе қызмет етуіне, іскер орталықтармен әріптестік орнатуларына мүмкіндік ашылған.
«Жәрмеңке болатын күндері Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері Орталық аумағында виза ресімдемей ақ, сауда келісімдерін жасаса алады. Қазақстандық кәсіпкерлер «Қорғас» аумағына жеке куәліктерімен кіріп, жәрмеңкеге қатысуға «Қорғас-Коммерц» ЖШС-ына өтініш береді», - деп хабарлады «Қорғас»ХКШО» АҚ баспасөз қызметі.
Бұл күндері «Самұрық» алаңында наурызға арналған киіз үйлер тігіліп, тұрмыстық заттар көрмесі орналастырылады. Мәдени бұқаралық шаралар бағдарламасы, спорттық жарыстар өткізіледі.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды