- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы IFN ТМД 2017 форумында исламдық қаржыландыруды дамыту мәселесі талқылануда (ФОТО)
Астанадағы IFN ТМД 2017 форумында исламдық қаржыландыруды дамыту мәселесі талқылануда (ФОТО)
Форумның негізгі рөлі – ТМД елдерінде исламдық қаржыландыруды дамытуды ынталандыру және өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу, сондай-ақ форумға қатысушыларға байланыстар мен әріптестік қарым-қатынастарды реттеуге мүмкіндік беру.
«ТМД-да исламдық қаржыны дамыту жолындағы кедергілерді жеңу» атты сессия барысында пікірталасқа қатысушылар өз қызметі барысында қандай қиындықтарға кездескенін айтып берді және өңірдегі исламдық қаржыландыру индустриясының өсуіне бағытталған өз ұсыныстарын ұсынды.
«Исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес капитал тарту арқылы өңірлік дамуға жәрдемдесу» сессиясында исламдық қаржы мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы және халал-индустрия саласындағы өңірлік ресурстардың дамуына қалай ықпал ететіні туралы, сондай-ақ ТМД елдерінің ШОБ өкілдері исламдық қаржыны тартудан қандай пайда табатыны туралы сөз қозғалды.
Форум барысында өңірлік қаржы реттеушілерінің кездесуі өтті, онда қатысушылар құқықтық және нормативтік базаны дамыту мәселесін қарастырды. Сарапшылар исламдық қаржы саласындағы қызметтің өсуін ынталандыру үшін қосымша шаралар ретінде қабылдануы мүмкін өзгерістерге қатысты пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ форум соңында Nasdaq Dubai, Emirates NBD және Norton Rose Fulbright қатысуымен «Сукук – Активтердің баламалы класы» тақырыбына семинар өтеді. Семинарда Сукук (Сукук – ислам құнды қағазы) нарығына шолу ұсынылып, кейс-стади нысанындағы Сукук кейбір түрлері толық түсіндіріледі, сондай-ақ Сукук шығарылымы мен листингі мәселелері қамтылады.
Қазақстан 2009 жылдан бастап исламдық қаржыландыру үшін нормативтік-құқықтық база құру мен жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Sukuk шығарылымына және дәстүрлі банктің ислам банкіне ауысуына қатысты соңғы түзету 2015 жылғы қарашада күшіне енген.
Сарапшылар өз сөзінде ТМД-да Исламдық қаржы саласындағы прогрессивті заңнамасы бар жалғыз ел – Қазақстанның рөлін ерекше атап өтті.
Исламдық қаржыландыру АХҚО қызметіндегі өте маңызды бағыт болып табылады.
Қазір АХҚО ислам қаржы институттарының жұмыс істеуі мен дамуы үшін қолайлы құқықтық және реттеушілік орта құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Еске сала кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. АХҚО құру туралы конституциялық заңға Мемлекет басшысы 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойған еді. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызметтер орталығын құру. АХҚО міндеттері қаржылық қызметтер саласындағы инвестициялау үшін тартымды орта жасау, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары