- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы жағдай жөніндегі отырысына қатысты
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы жағдай жөніндегі отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде біздің еліміз тұрақты, қауіпсіз және өркендеп жатқан Ауғанстанның тұжырымдамасын жақтайтынын атап өтті. Ол ауғанстандықтардың өздерінің басшылығымен және қатысуымен саяси процесс жүргізу, сондай-ақ халықаралық қоғам мен өңір елдерін осы елдегі жағдайды реттеу процесіне тарту қажеттігі туралы айтты.
Қ. Омаров айтып кеткендей, Ауғанстандағы жағдай тұрақсыздық пен террористік актілердің жоғары қаупіне, сондай-ақ есірткінің заңсыз өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты тұрақсыз болып қалуда, бұл барлық Орталық Азия өңірі үшін теріс әсер етуі мүмкін.
Ол БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясына жоғары баға берді.
Қазақстандық делегация қауіпсіздік және даму мәселелері арасындағы үздіксіз байланысты атап өте келе, Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің назарын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ауғанстанға жәрдемдесу және өңірлік және жаһандық қауіпсіздік сәулетін нығайту жөніндегі бастамаларына аударды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты