ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР-да негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 699,7 млрд теңгені құрады

2017 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 699,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 11,2% артық, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан14 Наурыз , 09:28

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3514,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,5% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,4%, өңдеу өнеркәсібінде 6,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 2,6% төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 212,3 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 1,6% артты.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 80,9 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 41,8 млрд. жкм құрап, 3,2% артты.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,2%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 1125,2 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 104,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 2273,5 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,6% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 5263,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы каңтармен салыстырғанда 21,1% артты, соның ішінде экспорт – 3276,4 млн. АҚШ долларын (18,9% көп), импорт – 1987,2 млн. АҚШ долларын құрады (25% көп).

 




Яндекс.Метрика