Өңірлерде жануарлар арасында аса қауіпті ауру ошақтары 60,3%-ға төмендеді

13 Наурыз, 2017 19:48
ҚР Ауыл шаруашылығы баспасөз орталығында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері аса қауіпті ауру ошақтарының төмендеу көрсеткіштерін айтып берді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығының министрлігі.

2016 жылы жануарлар арасында 149 аса қауіпті ауру ошақтары тіркелген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда, 60,3%-ға төмендеген(2015 жылы – 247ошақ).

Жекелей алғанда індет ошақтарының азаюы байқалады: құтыру 141-ден 75 ошаққа дейін (немесе 53,1%), қарасан 44-тен 21 ошаққа дейін, сондай-ақ 2016 жылы аса қауіпті аурулардың қатарынан: күл (шешек), лейкоз, эпидидимит тіркелген жоқ, бұл індеттер 2015 жылы осыған сәйкес кезеңде тіркелген болатын. Жануарлардың созылмалы аурулары бойынша қолайсыз пункттердің (бруцеллез бойынша) азаю серпіні байқалады, яғни 2016 жылы 175 пункт тіркелген болса, өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47 % (83 пункт) азайған (2015 жылдың 12 айы ішінде – 258 пункт).

2016 жылы Атырау облысында экзотикалық ауру түрі «тораптық дерматит» тіркелді. Инфекция бастапқы кезеңінде тоқтатылып, әрі қарай тарап кетпеу жағдайлары жасалынды. Тораптық дерматитке қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу үшін вакцина сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар, сібір жарасының көмінділері бойынша жұмыстар жалғасуда. Республика бойынша, Кадастрға енгізілген сібір жарасының 2608 ошағы тіркелген, оның ішінде 2265-і белгіленген, 350 белгіленбеген көмінділер бойынша жұмыстар жалғасуда.

2017 жылы Республикалық ветеринарлық зертхана қаражаты есебінен ветеринарлық құрал-жабдықтар алуға 432,0 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі таңда, елімізде эпизотиялық жағдай бірқалыпты және Комитеттің тұрақты бақылауында.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар