- Басты
- Жаңалықтар
- Конституцияға түзетулер енгізу барлық билік тармақтарының рөлін арттыруға бағытталған – Д. Кәлетаев
Конституцияға түзетулер енгізу барлық билік тармақтарының рөлін арттыруға бағытталған – Д. Кәлетаев
«Біріншіден, конституциялық реформа Парламент рөлінің артуын білдіреді. Екіншіден – Мемлекет басшысының кейбір өкілеттіктерін Үкіметке беру. Үшіншіден – бұл сот жүйесі мен Прокуратураның конституциялық негіздерін анықтайтын түзетулер, төртіншіден, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру. Бесіншіден, түзетулер конституциялық құрылым негіздерін қорғау механизмдерін күшейтуге бағытталған», - деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ Дархан Кәлетаев Парламент рөлін арттыруға қатысты түзетулерге де тоқталып өтті.
«Конституцияның 57-бабының 6-тармақшасы бойынша бұрын палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы болған. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы болған. Ал қазір ол басқаша ұсынылған», - деді Д. Кәлетаев.
Оның айтуынша, қазір ұсынылып отырған нормаларға сәйкес, Парламент депутаттары Үкімет мүшелерін депутаттардың жалпы санының кемінде 2-3 даусымен лауазымынан босату туралы бастама жасай алады.
«Жаңа нормаға сәйкес, палата депутаттарының Үкімет мүшелерін лауазымынан босату туралы өтінішінен Президенттің бас тарту құқығы алынып тасталған. Осы мысалдан Парламент рөлінің артқаны анық байқалады. Конституцияға енгізілген осы нормалар Үкімет мүшелерінің ғана емес, сонымен қатар Парламент депутаттарының да жауапкершілігін күшейту бойынша келісілген әрі тұрақты жұмысына ықпал етеді деп ойлаймын», - деп атап өтті сенатор.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады