- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылады
Қарағанды облысында жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылады
Ведомство басшысы электронды денсаулық сақтауды дамытудың қадамдарына тоқталды.
«2017 жылдың қаңтарынан бастап облыстық ауруханаларда «Стационар» денсаулық сақтаудың кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің жаңа модулі енгізілуде. Жоба желтоқсанға қарай аяқталады. Осылайша, барлық медициналық ұйымдар бірыңғай ақпараттық алаңда жұмыс істейді, бұл электронды денсаулық сақтау төлқұжатын сәтті енгізу мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге көшу үшін негіз болады. Келесі қадам жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметін құру болады», - деді баяндамашы.
Барлық шақырулар бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі. Жедел жәрдем машиналары GPS-навигаторлармен жабдықталады. Бюджеттен 36 реаномобиль сатып алуға 1,2 млрд. теңге бөлінеді.
Қарағандыда жедел жәрдемнің жаңа үш шағын станциясын салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Ержан Нұрлыбаев. 2017 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді. Құрылысты 2018 жылы бастау көзделген.
«Екі шағын станция – Майқұдық ауданында, біреуі – Сұрыптауда орналасады. Аталған жобаны жүзеге асыру шұғыл көмекті жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады