• Басты
  • СҚО-да Наурыз мейрамы аясында 600 шара өткізіледі

СҚО-да Наурыз мейрамы аясында 600 шара өткізіледі

13 Наурыз, 2017 16:13
СҚО-да өткен кезектi аппараттық кеңесте Наурыз мейрамын тойлауды ұйымдастыру мен әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарлар бағасының өсiмiн болдырмау шаралары қарастырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, Наурыз мейрамын тойлау аясында 600-ге жуық iс-шаралар жоспарланған, соның iшiнде 350-ден астам шара мәдениет және бiлiм, 90-ға жуық шара спорт саласында және 120-дан астам шара қоғамдық маңызы бар шаралар.

Сонымен қатар, Петропавлда суырып салма ақындарының қатысуымен республикалық айтыс, киiз үйлер байқауы өткiзiлмек.

21 наурызда Петропавлдың орталық алаңында мерекелiк iс-шаралар басталады.

Тұрғындар мен қала қонақтарына наурыз көже, бауырсақ, палау, шәй тегiн берiлетiн болады.

Сондай-ақ, Достық үйiнде этномәдени бiрлестiктердiң қатысуымен мерекелiк iс-шара, Көңiлдi және тапқырлар клубының облыстық фестивалiнде «Наурыз кубогы» ойнатылады, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында мерекелiк концерт өтедi.

Осы аптадан бастап облыстың мұражайлары мен кiтапханаларында көрмелер мен экспозициялар, сауықтыру және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады, театрларда мерекелiк спектакльдер мен қойылымдар өтедi.

Бiлiм мекемелерiнде Наурыз мейрамына байланыств сынып сағаттары, мектеп ертеңгiлiктерi, салтанатты сызғыштар мен концерттердi өткiзу жоспарланған.

Облыстың барлық аудандарында спорттық шаралар жоспарланған, соның iшiнде грек-рим күресi бойынша облыс чемпионаты, шаңғы жарысының бiрiншiлiгi, баскетбол, көркем гимнастика бойынша облыс чемпионаты, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерi бойынша жарыстар өткiзiледi.

Облыстың мекемелерiнде, ұйымдарында және кәсiпорындарда соғыс және еңбек ардагерлерiнiң, құрметтi азаматтардың, ғылым және шығармашылық зиялылырының қатысуымен салтанатты жиындар өткiзiледi.

Аудандар мен облыс орталығында жастар ұйымдары, партия филиалдары бiрқатар қайырымдылық акциялар өткiзедi.

Қайырымдылық акциялар аясында мүмкiндiктерi шектеулi, жетiм және ата-ананың қамқорынсыз қалған, аз қамтылған отбасындағы балаларға тегiн демалыс жоспарланған, «Нептун» аквапаркiне, «Семейный» сауда үйiндегi «Киндер ленд» мен «Тайга» сауда үйiндегi «Мадагаскар», сондай-ақ, аттракциондарына барады.

21 және 22 наурызда этномәдени бiрлестiктерiнiң қатысуымен Ассамблея ғимараты алдында «Достық Дастарханы» ұйымдастырылады.

22 наурызда орталық алаңда этноауылдардың қатысуымен негiзгi мерекелiк iс-шаралар жалғасатын болады.

23 наурызда «Армысың әз Наурыз!» ойын-сауық бағдарламасы мен «Салтымызды сақтайық» балаларға арналған театрландырылған бағдарлама ұсынылады.

Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарованың ақпараты бойынша жыл басынан облыста әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарлар бағасының индексi 1,7 пайызды құрады. Бұл республикадағы ең төмен көрсеткiштердiң бiрi. Кейбiр азық-түлiктердiң босату бағасы өстi. Сонымен қатар, қанттың бөлшек сауда бағасы 6,1 пайызға төмендеген.

Алдағы уақытта бағаның өсiмiн болдырмау мақсатында белгiленген жұмыс жасалуда.

Көкөнiстердiң бағасын тұрақтандыру үшiн сәбiз бен өзге де көкөнiстер қаланың сауда орындарына тiкелей жеткiзу бойынша уағдаластықтар жасалды.

Сонымен қатар, облыста заманауи көкөнiс қоймасы жоқтығы атап өтiлдi. Осыған байланысты СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов тиiстi органдарға бұл мәселенi жақын арада қарастыруды тапсырды.

Барлық жаңалықтар