БҰҰ ҚК Астана процесінің жұмысына оң баға берді

13 Наурыз, 2017 12:01
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сириялық дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесінің жұмысы атап өтілді. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Мәжілісінде өткен "Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігінің басымдықтары туралы" атты үкімет сағатында айтты.

«Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Сириядағы қарулы оппозиция мен үкімет арасындағы диалог,  Сириядағы соғысты тоқтату режимін нығайту, Мәскеу, Анкара және Тегеран кепіл болып табылатын Сириядағы бітім жасауды мониторингілеудің үшжақты механизмін құру, астана алаңы, астана процесінің және біздің мемлекетіміздің рөлінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті», - деді Қ. Әбдірахманов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, БҰҰ ҚК Қазақстанның бітімгерлік әлеуетін де атап өткен. 

«Қазақстанның және ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі бітімгерлік әлеуетінің қажеттігі жайында сеніммен айтуға болады.  Иранның ядролық бағдарламасымен және сириялық дағдарысты реттеу жолдарын іздеумен байланысты жағдайдағы Қазақстанның рөлі жоғары бағаланады », - деді министр.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы қаңтар айында Қазақстан БҰҰ ҚК төрағалық етеді. Төрағалық етудің негізгі мәселесі белгілі бір құжатты қабылдау болмақ.   

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар