Қазақстан БҰҰ ҚК-да ұлттық қызығушылықты ілгерілетуді жалғастыруда

13 Наурыз, 2017 11:21
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ұлттық қызығушылығын ілгерілетеді.Бұл туралы ҚР сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдірахманов «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiне 2017-2018 жж. мүшелiгiнiң басымдықтары» деген тақырыпта өтіп жатқан Мәжiлiстегi Үкiмет сағатында айтты.

«Қауіпсіздік кеңесінің  күн тәртібі 53 белсенді және  15 баяу елдік және өңірлік  мәселелерден тұрады.  Ол  Таяу шығыстағы  жағдай   мен Африкадағы дау мәселесіне  арналып  отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі  30 көмекші органға ие, оның басшылығы  елдер мен БҰҰ мүшелері арасында  реттелген.   Қазақстанның беделін ескере отырып,  бізге Ауғанстан, Талибан, ИГИЛ, ДАИШ, Әл-Каида, Сомали мен Эритрей  бойынша Қауіпсіздік  комитетінің төрағалығы ұсынылды», - деді Қ.Әбдірахманов.

Министр Қазақстан  өз қызметіне биылғы жылдың  1 қаңтарынан бастап кіріскенін айтты. Ол қазақстандық делегация  ҚК күн тәртібінің  қаралауына белсенді кірісетінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ,  Қазақстан  БҰҰ ҚК-дегі өз мүшелігін  біздің ұлттық қызығушылықтарды ілгерілетуде қолданылатынын айтып өтті.

 «Бүгiнгi кездесудiң БҰҰ-ға мүше болудың 25 жылдығы аясында өтіп жатқаны маңызды. Елiмiз 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-ға мүше ретінде қабылданды, бұл тәуелсiздiгiмiздi әлемдiк қауымдастық танып болғанын бiлдiретiн елеулi белес саналады. Тарихи қысқа мерзiмде Қазақстан өзiнiң Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен БҰҰ қағидаттарын, құндылықтарын дамытуға, кең байтақ Еуразия кеңiстiгiнде ғана емес, сонымен бiрге жаһандық ауқымда да бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi және дамуды нығайтуға елеулi үлес қосты», - дедi Қ.Әбдірахманов.

«Тұрақты даму, ядролық қарусыздану және таратпау, экономикалық интеграция, өркениеттер диалогы, бiтiмгершiлiк, адам құқығы, трансұлттық қауiп-қатерлермен күрес, жаһандық дискурстың қай саласын алсақ та, Қазақстанның пiкiрiне бәрi де құлақ асады», - деп түйіндедi сыртқы істер министрі.

Министр айтып өткендей, жеке  жұмыс  бітімгершілік жүйесі мен  тәжірибелік үлестің жетілдірілуі бойынша  жүруде.

«БҰҰ миссияларына қазақстандық әскери байқаушыларды бағыттау тәжірибесі 2014 жылы басталды. Соның қатарында батыс Сахарадағы референдум барысын байқау бойынша БҰҰ миссиясы, сондай-ақ Кот-де'Ивуардағы шаралар қамтылып отыр. Осыларда 11 адам өз қызметін атқарды. Қазіргі уақытта батыс Сахарада төрт байқаушы қызметін жалғастыруда. Атап айтқанда бұл бағытта құқықтық база құрылды. 2015 жылы бітімгерлік қызмет туралы заңнама қабылданды. Бұл шаралар өте маңызды кезеңде іске асырылды, яғни БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлау бойынша біздің кампания кезінде атқарылған еді», - деді ҚР СІМ басшысы.

Министр айтып өткендей,  БҰҰ миссияларына қатысу мәселелерін қарауда Қазақстан  біздің әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін қарастырады.

«Демек, біз  барынша қауіпсіз миссияларды таңдайтын боламыз, барлық жұмыс Парламентпен тығыз қарым-қатынаста болады, Конституция және «Бітімгерлік қызмет туралы» Заң бойынша қаралады», - деді Қ.Әбдірахманов.

Айта кетейік,  Қазақстан шетелдік мемлекеттерге 10 млрд теңге гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар