• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Күрішбаев: Аграрлық ғылымда технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін құру қажет (ВИДЕО)

А.Күрішбаев: Аграрлық ғылымда технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін құру қажет (ВИДЕО)

13 Наурыз, 2017 13:04
Қазақстандағы аграрлық ғылым жоғары деңгейде дамуы үшін не жасау керектігі және оның барлығын өндіріске қалай тиімді енгізуге болатыны туралы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ақылбек Күрішбаев Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтып берді.

«Аграрлық ғылымға келетін болсақ, Мемлекет басшысы технологиялар трансфертімен айналысу керектігі туралы үнемі айтатын. Дамыған елдердің тәжірибесін қарастырып, АҚШ, Канада, Австралия, Аргентина сияқты елдердің аграрлық салаларының даму феномені неде деген сұрақ қоятын болсақ, бұл елдерде технологиялар трансферті жүйесі өте күшті», – деді А. Күрішбаев.

Бүгінгі таңда аграрлық ғылымдағы технологиялар трансферті – бұл жылдам, сапалы, арзан және тиімді. Ол үшін бірінші кезекте зерттеу университеттерін құрып, халықаралық деңгейде даму қажет.

«Менің ойымша, біз аграрлық ғылымда технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін құруымыз керек. Сондықтан, ең алдымен, гендік, молекулярлық деңгейде зерттеудің заманауи әдістерін меңгерген ғалымдар қажет. Мемлекет басшысы өз Жолдауында зерттеу университеттерін құру, жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін дамыту қажет деген болатын. Бұл жерде аграрлық-ғылыми зерттеулер жүргізуді, кадрларды даярлауды және өндіріске енгізуді үйлестіру орын алады. Осылайша, ғылыми камтамасыз ету мен кадрларды даярлаудың өте оңтайлы және тиімді жүйесі құрылады. Осы жүйені біз Қазақстанда ұйымдастырыуымыз керек. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында осындай ұсыныс жасады», – деп атап өтті спикер.

Ректордың айтуынша, Қазақ агротехникалық университетінің базасында агроорталық құрылып, осы аграрлық орталықты Халықаралық деңгейдегі немесе батыс үлгісіндегі аграрлық зерттеу университеті түрінде дамыту бағдарламасы әзірленген.

«Бүгінгі таңда аграрлық ғылымның қалағанымыздай дамымауының себебі неде? Біріншіден, біз үнемі аграрлық ғылымның мазмұнын емес, басқару нысанын өзгертеміз, орталықтар құрамыз. Екіншіден, қаржыландыру проблемасы орын алады, сәтті даму үшін аграрлық ғылымды қаржыландыру деңгейі жеткіліксіз. Үшіншіден, бізге міндетті басқаша қою қажет. Яғни міндеттерді ғалымдар емес, тіпті бағдарлама әкімшілері де емес, министрлік қоюы тиіс», – деп ұсынды А. Күрішбаев.

Әрбір ғылыми жоба ірі, интеграцияланған ғылыми бағдарлама болуы тиіс. Сарапшының пікірі бойынша, әрбір ғылыми бағдарлама базасында мамандарды, докторанттарды даярлау міндетті болып табылады.

«Бағдарлама іске асырылғаннан кейін бізде жаңа білім беру бағдарламасы болады және осы ғылыми бағдарламаның негізінде жаңа заманауи зерттеулерді меңгерген жаңа ғылыми кадрлар даярланады. Бұл аграрлық зерттеулерді дамытудың анағұрлым тиімді, жылдам тәсілі», – деді А. Күрішбаев аграрлық саладағы ғылыми бағдарлама туралы.

Сондай-ақ ол ғылым мен өндірістің өзара байланысы туралы да айтып өтті. Олар инновацияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін дамыту негізіне айналуы тиіс.

Жоғары оқу орындарында аграрлық ғылымды қаржыландыру проблемасы да өзекті болып отыр. Ректордың айтуынша, жоо-дағы аграрлық ғылымды қаржыландыруды ұлғайту қажет.

«Өкінішке орай, аграрлық салаға бүгінде 2-4 млрд теңге бөлінеді, бұл негізінен аграрлық ҒЗИ. Атап айтқанда, біздің университетімізге бұл қаражаттың 1%-ы ғана түседі, бұл 55 млн теңге. Жоо-да бар әлеуетті пайдалану керек. Ол бойынша Президентіміз де нақты тапсырмалар берген болатын. Жоо-дағы аграрлық ғылымды қаржыландыруды ұлғайту қажет. Технологиялар трансферті, білім, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау арқылы біз оны жекелеген шаруашылықтар, аудандар аясында енгізіп жатырмыз», – деп қорытындылады спикер.

Ақбота Күзекбай

Видео Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар