- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандылық кардиохирургиялық клиникада профильді жағдаяттық орталық ашылды
Қарағандылық кардиохирургиялық клиникада профильді жағдаяттық орталық ашылды

Жағдаяттық орталық тұтастай кардиологиялық қызметті мониторингтеуге және үйлестіруге арналған. Бұл - облыстық кардиохирургиялық орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бөлімшесі.
Жоба ең алдымен тар шеңберлі мамандар жетіспейтін ауылдық және шалғайдағы өңірлерге көмек көрсетуге бағытталған. Оны іске асыру жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарды ауруханаға кеш жатқызу, уақытылы диагностика жасамау жағдайларының пайызын азайтуға, хирургиялық шаралардың нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, өңірде жедел диагностикалаудың облыстық желісі құрылды. Бұл үшін кардиохирургиялық орталық шамамен 8 млн. теңгеге 15 телеметриялық ЭКГ аппаратын сатып алды. Жоғары білікті мамандардың диагноз қойып, тиімді емдеу шараларын тағайындауы үшін құрал онлайн режимде кардиограмманы жағдаяттық орталыққа жіберуге мүмкіндік береді.
«Телеметриялық аппараттар орталық аудандық ауруханаларға, сондай-ақ, шалғайдағы ауылдық зертханаларға үлестірілді. Сонымен қатар, кардиологтар тапшылығы байқалатын Приозерск, Қаражал және Жайрем елді мекендерінің ауруханаларына берілді. Бұл отандық аппараттар, Астанада шығарылады. Құрал шағын, оны алып жүру оңай, үйде де пайдалануға болады.
Мамандардың мәліметінше, Қарағанды облысында қан айналымы жүйесі ауруларымен 120 мыңнан астам адам есепте тұр. Соның ішінде 60 мыңға жуығында артериалды гипертензия, 30 мыңға жуығында – ишемиялық ауру. Өңірде жүрек ауруларынан көз жұму жағдайлары азайды, дегенмен көрсеткіш жоғары болып қалуда.
Облыстық кардиохирургиялық орталықта жыл сайын ашық жүрекке 500-ден аса ота жасалады және 6000 астам инвазивті хирургиялық емдеу әдісі қолданылды.
Облыстық медициналық мекемелерде 12-ге жуық кардиолог маман жетіспейді. Емханаларда аталған тар шеңберлі мамандар бойынша бос жұмыс орындарының саны 25% құрайды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру
-
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар
-
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды
-
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды
-
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары
-
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды
-
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады
-
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды
-
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды
-
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды

