- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-де өткен жаттықтыру барысында әмбебап мобильді байланыс кешені сынамадан өткізілді (ФОТО)
ҚР ҚК-де өткен жаттықтыру барысында әмбебап мобильді байланыс кешені сынамадан өткізілді (ФОТО)
Практикалық сабақтар барысында жоғары тиімділігін көрсеткен су жаңа техника, яғни, әмбебап мобильді байланыс кешенінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылды. Кешенді жаттықтыру жоспары бойынша командалық пунктінің байланыс торабы өрістетілді.
Жауынгерлік бекеттерде дәл уақытымен ашық және қорғалған режімдерде баламалы және сандық байланыс арналары ашылды және қамтамасыз етілді. Байланысшылар қолбасшылық жүктеген барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Жаттықтыру барысында жаңа байланыс құралдарын пайдалану мәселелерінде жоғары кәсіпқойлық, машық пен керемет білімдерін паш еткен бірқатар әскери қызметшілер, олардың қатарында аппараттың бастықтары, маман-радиотелеграфшылар жақсы жағынан атап өтілді.
Байланыс бойынша кешенді жаттықтыру Қарулы Күштерде жоспарлы негізде өткізілуде. Ұқсас жаттықтырулар «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарында өтті.
Практикалық сабақтардың арқасында байланыс әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамы бүгінде байланыс әскерлері жабдықталып жатқан заманауи әскери техника үлгілерін қолдана отырып, далалық және стационарлық байланыс тораптары арасындағы үйлесімділік пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім қорын молайтты.
Байланыс әскерлерді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Байланысшылар Қарулы Күштерді тұрақты және үздіксіз байланыспен қамтамасыз етеді. Олардың жұмысынан жауынгерлік құралдарды қолдану жеделдігі мен уақтылылығы, тіпті, әскери операцияның аяқталуы байланысты болып келеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі