- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасалуда
Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасалуда
Өңір әкімдігі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан оңалтып, бейімдеу үшін жағдай жасалуда. Алаңы 1000 шаршы метр болатын орталықта 123 маман мүгедек балаларды қабылдап, олардың жаңа орын мен ұжымдағы өмірге бейімделуіне белсенді түрде көмектесетін болады, сонымен қатар оларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету орталығы 100 орынға арналған.
Мұнда мүгедек балаларды емдеу-алдын алу мекемелерінің қатысуымен диспансерлеу, емдеу, ауруханаға жатқызу бойынша жағдайлар жасалатын болады. Сонымен қатар, жаңа орталықта мүгедек балалармен түзету-дамыту және еңбекке баулу жұмыстары жүргізілмек, қызмет көрсету мен күтіп-баптаудың сапасын арттыру, мүгедек балаларға қызмет көрсетудің жұмыстары мен әдістерінің тәжірибесіне алдыңғы қатарлы түрлерін енгізу бойынша іс-шарлар өткізіледі.
Осы орталықтың ашылуымен көршілес өңірлердегі арнайы интернаттарда ем алуларына тура келген балалар Ақтөбеге қайта оралуларына мүмкіндік туды.
Бұдан соң, министр 200 орындық балалар мен аналарға арналған дағдарыс орталығын қарап шықты. Мұндағы әлеуметтік-психологиялық оңалту бөлімінде 60 маман қызмет етеді. Стационарлық баспанада психологиялық-физикалық зәбір көрген әйелдер, ата-анасы мен жақындарын жоғалтқан жандар, мүгедектер, жалғыз басты аналар, балалар үйінің түлектері, өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірім қыздар өздерінің барлық мәселелерін шешіп алғанша 1-6 ай тұра алады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады