Өңірлер

Қазақстанда бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлердің алғашқы рейтингі әзірленбек

Халықаралық және отандық тәжірибеге негізделген бизнесті жүргізу жеңілдігі туралы Қазақстан аймақтарының алғашқы рейтингі биылғы жылы әзірленетін болады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Нұр-Сұлтан13 Наурыз , 08:43

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша аймақтар және қалалар рейтінгін құру қажеттілігін атап өтті.

«Біз үкіметке жыл сайын осы рейтингте позицияларды жақсарту үшін не істеу керек сияқты ұсынымдар береміз. Ол сыртқы инвестициялар тарту үшін өте маңызды», - делінген хабарламада.

 Осы жылы елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа рейтинг іске қосылады. Ол бизнесті жүргізу жеңілдігі принципі бойынша аймақтар рейтінгі болады. Рейтинг жасау кезінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Дүниежүзілік банкпен жұмыс істеу тәжірибесі қолданылады.

Мұндай тәсілдеме аймақтарда шынайы болып жатқанын көрсетеді, сондай-ақ облыстар арасында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамытуға аса назар аударатын аймақтар мен қалалар үшін жария мадақтау түрінде арнайы сыйлықақы көзделетін болады.

Мұндай рейтінгті құру жыл сайын өткізілетін болады.

 




Яндекс.Метрика